ОП-физика студенттері арасында Республика күнін мерекелеуге арналған «Republic Day» Квест-ойыны

2023 жылғы 18 қазанда жаратылыстану жоғары мектебінің базасында 2 және 3 курс студенттері арасында «Физика» даярлау бағыты бойынша алдағы «Республика күні» мерекесіне орай «Republic Day» квест-ойыны ұйымдастырылды. Квестті өткізу орны университет ұсынған «Қарлығаш» демалыс аймағы болды.Квест-ойын барысында қатысушылар алдын ала дайындалған теориялық тапсырмаларды шешіп, спорттық эстафетаға қатысты. Комиссиядан алынған нәтижелер бойынша ойында бірінші, екінші және үшінші орын алған жеңімпаздар анықталды. Ойынның мақсаты студенттер арасында патриоттық рухты арттыру болды. Ұйымдастырушылар қатысушылардың алдына іс-шараның ойын-сауық форматын студенттерді зияткерлік және спорттық тапсырмаларға белсенді тартумен ұштастыру міндетін қойды.