STEAM білім беру негізінде білім алушылардың тәжірибелік дағдыларын дамыту

2023 жылы 19 қазанда Талдықорған қаласындағы 29 орта мектеп лицейде Жетісу облысының білім басқармасының әдістемелік орталығы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Жаратылыстану жоғары мектебімен бірлесіп «STEAM білім беру негізінде білім алушылардың тәжірибелік дағдыларын дамыту» тақырыбында география пәні мұғалімдерінің әдістемелік семинары өтті. Оған Жетісу облысының білім басқармасының әдістемелік орталығының әдіскері Дихамбаев Ғалымжан Төртбайұлы, Жаратылыстану жоғары мектебімен қауымдастырылған профессоры (доценті), г.ғ.к. Е.А.Тоқпанов, 8D01505-География білім беру бағдарламасының 2 курс докторанты Р.А.Мухитдинова, 6М01506-География білім беру бағдарламасының 2 курс магистранттары Ә.С.Асқарова, Ә.А.Әбенова, А.Е. Ахметқалиев қатысты.

Әдістемелік семинар барысында STEAM білім беруге сәйкес заманауи сандық білім беру ресурстарын, географиялық, экологиялық, физикалық, химиялық зерттеу нәтижелерін тиімді пайдалану негізінде білім алушылардың зерттеу дағдыларын, функционалдық сауаттылықтарын дамытудың әдістері іс-жүзінде қолданылды.