Оқыту және тәрбиелеу әдістемелері БББ 2023 жылғы 7 желтоқсанда Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 6В01201 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», 6В01301 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламалары бойынша «Табысты педагогика: мектепке дейінгі және бастауыш білім беруде инновацияларды іске асыру практикасы» тақырыбында пәндік олимпиада өткізілді.
Олимпиадаға 1, 2, 3 курс (бакалавриат) студенттері қатысты.
Келесі командалар ұсынылды:
1. Күнбағыс — Мдқ 311- жетекші: Г.А. Тажинова
2. Kids symphony -Мдқ 211 — жетекші: Г.А.Тажинова
3. Zhalyndy Zhetisu Zhastary –БҚ 211- жетекші: К.Ж. Альменбетова
4. Zhu light -БҚ – 311- жетекші: А.Д. Ансабаева
5. InZhu — БҚ – 311- жетекші: А.Д. Ансабаева
6. Zhu Star — БҚ – 311- жетекші: А.Д. Ансабаева
7. Dream team — Бпқ -121- жетекшілері: Б.К. Қыстаубаева, М.Б. Мухашева.
I кезең: Командалардың өзін-өзі таныстыруы: «Біз жаңа формация педагогтарымыз».
Өз сөздерінде студенттер таңдалған мамандықтың маңыздылығын, шығармашылықты, әртістікті, сөйлеу қарым-қатынас мәдениетін, командада жұмыс істей білуді көрсетті.
II кезең: Байқау. «Педагогикалық жағдайды шешу».
Студенттер рөлдік модельдеу техникасын қолдана отырып, проблема мен шешімдерді анықтады.
III кезең: Оқыту үдерісіндегі инновациялық технологиялар. «Балабақшадағы, мектептегі шеберхана» — мектепте және мектепке дейінгі білім беру мекемесінде өткізілген сабақтардың үзінділерінің бейнежазбалары ұсынылды.
Қазылар алқасы инновациялық технологияларды, әдістер мен тәсілдерді қолдануды, пәндік-дамыту ортасының мүмкіндіктерін пайдалануды, коммуникативтік құзыреттіліктерді, педагогикалық мақсатты іске асыруды бағалады.
6В01201 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» БББ бойынша олимпиада нәтижелері:
1 орын — Күнбағыс, Мдқ – 311;
2 орын — Kids symphony, Мдқ- 211;
6В01301 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» БББ бойынша олимпиада нәтижелері:
1 орын — Zhalyndy Zhetisu Zhastary, БҚ-211;
2 орын — Dream team, Бпқ -121;
3 орын — Zhu light -БҚ – 311, InZhu — БҚ – 311, Zhu Star — БҚ – 311;
Олимпиаданың барлық қатысушылары дипломдармен, алғыс хатпен марапатталды.