Педагогика және психология жоғары мектебінің Педагогика және психология  білім беру бағдарламасы бойынша «Заманауи педагогика және психология» тақырыбындағы пәндік олимпиада

Педагогика және психология БББ 2023 жылғы 8 — желтоқсанда 6В01101- «Педагогика жәнее психология», 6В01902- «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламалары бойынша «Заманауи педагогика және психология» тақырыбында пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиаданың мақсаты: белсенді және талантты білім алушыларды қолдау, студенттерге жарыстық ортаны құру және практикалық тәжірибелері мен ғылыми іс-әрекеттерін жетілдіру, педагогика және психология саласы бойынша студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін   дамыту болып табылады.

Олимпиадаға 1,2,3,4 курс (бакалавриат) студенттері қатысты. Төмендегі қатысатын командалар ұсынылды:

1. Phycology ZHU–Пқ 111топ — жетекші: А.Т. Мамекова

2. Талпын — АПқ 111топ- жетекші: Ф.Б. Мустафа

3. Зейін -Пқ 121- жетекші: А.Б. Абуханова

4. Жаңашыл психолог — ППқ 211топ — жетекші:  А.Т. Мамекова

5. Болашақ    — АПқ  211 топ —  жетекші:  Г.Т. Азанбекова

6. Өмір деген керемет — ППқ – 221 топ —  жетекші: А.Т. Мамекова

7.  Даму time   — АПқ -311 топ жетекші: Ф.Б.Мустафа

8.  Бәрі бар      — АПқ -411 топ жетекші: Ф.Б. Мустафа

I кезең: Командалардың өзін-өзі таныстыруы: «Біз жаңашыл педагог-психологпыз», «Біз жаңашыл арнайы педагогпыз». Өз сөздерінде студенттер  мамандығының маңыздылығын, ерекшелігін, шығармашылықты, әртістікті, қарым-қатынас мәдениетін, командада жұмыс істей білуді көрсетті.

II кезең: Үй тапсырмасы, жоба қорғау.Студенттер өздері таңдаған тақырыптары бойынша зерделеп, проблема мен шешімдерді анықтады.

III кезең: Байқау. «Педагогикалық жағдаяттар шешу». Командалар жағдаяттарды талқылау барысында шешімін тауып, ұсыныстар қалдырды.

Қазылар алқасы студенттердің кәсіби-тұлғалық әлеуеті мен шығармашылық қабілеттерін, олардың өзін-өзі көрсетуін, кәсіби позицияны қалыптастыруға ықпал жасауын, студенттердің мамандыққа  қызығушылығын, командада жұмыс істеу қабілетін арттыруды, педагогикалық психологиялық бағытын іске асыруды бағалады.

6В01101- «Педагогика жәнее психология»БББ бойынша олимпиада нәтижелері:

1 орын —  Зейін, Пқ 121 топ;

2 орын —  Өмір деген керемет – ППқ-221 топ;

3 орын — Жаңашыл психолог – ППқ-211топ

3 орын — Phycology ZHU–Пқ 111топ

6В01902- «Арнайы педагогика» БББ бойынша олимпиада нәтижелері:

 1 орын – Даму time, АПқ-311;

 2 орын —  Бәрі бар, АПқ -411;

 3  орын —  Болашақ, АПқ -211

 3  орын —  Талпын-АПқ111 Олимпиаданың барлық қатысушылары дипломдармен, алғыс хатпен марапатталды.