Жер күні

«Жер күніне» арналған экологиялық-спорттық іс-шара

22 сәуірде Техникалық ғылымдар жоғары мектебінің студенттері Жетісу университетінің Эко-клубы құрамында футболдан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебімен бірлесіп «Жасыл гол, планета үшін спорт ретінде» атты «Болашақ» стадион алаңында экологиялық-спорттық іс-шаралар өткізді.

Іс-шараның мақсаты – жаңа экологиялық сана мен әлеуметтік жауапкершілікті дамыту, студенттердің табиғат пен спорттық іс-әрекеттің өзара байланысы туралы түсініктерін қалыптастыру.

Аталған іс-шараның қонақтары, «Жасыл ынтымақтастық» ҮЕҰ басшысы Ахмедиева А.К. және Жетісу облысының эко қорғаушысы Сергей Тандеев құттықтау сөз сөйледі.

Флешмобты қорытындылай келе, Жетісу университетінің Техникалық ғылымдар жоғары мектебі деканның ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ауелбек М.А., Жетісу университетінің эко-клубының жетекшісі, б.ғ.к., оқытушы–лектор Букенова Э.А. және әдіскер ОСДЮШ Сулейменов А.А. сөз сөйледі.