Год: 2024

Абылай Рауан — Құттықтаймыз🥳

102 Ққ топ білімгері Абылай Рауан, Талғар қаласында Қазақ күресінен 2007-2008 ж.т жасөпірімдер арасында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың жүлдесіне арналған ашық республикалық турнирде жүлделі 3 орын иеленді!!!! Құттықтаймыз!!!!

Курс

Асыл қазына университеті жобасы аясында «Коммуникативтік ағылшын тілі» 31.01.2024-14.03.2024жж. аралығында Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығында 55 жастан асқан ПОҚ және қызметкерлерге арналған Асыл қазына университеті жобасы шеңберінде ағылшын тілі курстары ұйымдастырылып өткізілді. Бұл бағдарламаның мақсаты үлкен жастағы топ тындаушыларына саяхатқа, сондай-ақ күнделікті өмірде қолданылатын шет тіліндегі қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған. Курсты орталықтың үйлестірушісі …

Курс Read More »

«Кемелденген ел болудың кепілі – саналы ұрпақ тәрбиесі»

Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің оқытушы-дәріскері К.Джанабаев және оқытушы – ассистенті К.Шалабаеваның ұйымдастыруымен «Кемелденген ел болудың кепілі – саналы ұрпақ тәрбиесі» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.

Шаймұран  Бедел  — Жетісу университетінің  дене шынықтыру және спорт мамандығының 2 курс студенті.  2024 жылдың 15-17 наурыз күндері  Алматы облысы, Қарасай ауданында  еркін күрестен  23 жасқа дейінгі ерелер арасында өткен  Қазақстан Республикасының чемпионатында   қола медальді жеңіп алды. Жеке бапкері  университет спортклубының жаттықтырушысы — Шоңыраков  Қанат Ұзақұлы.

Жанырбай  Мағжан  Әділбекұлы — Жетісу университетінің  дене шынықтыру  және спорт мамандығының 2 курс студенті. Еркін   күрестен  2023 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері,  2024 жылдың ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатының қола жүлдегері. Жеке бапкері  университет спортклубының жаттықтырушысы — Шоңыраков  Қанат Ұзақұлы.

19 наурыз — Жаңару күні🌷

19 наурыз — Жаңару күні. Бұл күн сөзбе-сөз мағынада қоғамның саяси тұрғыда өмірдің жаңаруын бейнелейтін жаппай ағаш отырғызу шарасының ұйымдастырылуына байланысты Zhansugurov College -де осы үрдісті 306ШБқ, 308 РяЛ, 407 Д топтары жалғастырды.

«Ұлттық киім» күні ұйымдастырылды🇰🇿

Ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарын сақтау және насихаттау мақсатында «Zhansugurov college»-де Наурызнама тұжырымдамасы аясында «Ұлттық киім» күні ұйымдастырылды. Бұл тұжырымдаманы жүзеге асыру мақсатында колледж ұжымы мен студенттері ұлттық киімді насихаттауға белсене атсалысты. Өзін ұлтжанды деп санайтын әр адамды осы күні ұлттық нақыштағы киімдерді ұлықтап, өз тарихымыз бен ата-бабаларымыздың салт-дәстүріне құрмет көрсетуге шақырды.

Мухашев Ельдос Сламкулович — Сізді шын жүректен құттықтаймыз💐

Ағымдағы жылдың 14-16 наурыз аралығында Шымкент қаласында “Алғашқы әскери және технологиялық дайындық” жетекшілері арасында “Пневматикалық винтовкадан ату мен автоматты жартылай бөлшектеп — жинаудан” өткен республикалық турнирінде Мухашев Ельдос Сламкулович “Автомат жинау” спорт түрінен 30-39 жас ерекшелігінде ІІІ орынды иеленді.Сізді шын жүректен құттықтаймыз💐

Кәсіптік бағдар беру жұмыстары

2024 жылдың 16 наурызында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушыларына арналған «АЛТЫН ТҮЛЕК» атты облыстық олимпиадасы барысында оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға Жетісу облысы бойынша 83 оқушы қатысып, университетіміз туралы имидждік үлестірме материалдары ұсынылды. Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты дарынды, талантты оқушыларды оқуға шақыру. Сондай-ақ, іс-шарада білім …

Кәсіптік бағдар беру жұмыстары Read More »

AI Assistant