Халықаралық ғылыми симпозиум

2026 жылғы 19–25 мамыр аралығында БжЭ ҒЗИ Биотехнология зертханасының ғылыми қызметкерлері Жадыра Сағыман мен Аяулым Муратбекова Қытай Халық Республикасының Уси қаласында Jiangnan University ұйымдастырған Symposium on Dairy Science and Human Nutrition 2026 халықаралық симпозиумына қатысты.

Симпозиум аясында сүт өнімдері ғылымы, тағам биотехнологиясы, пробиотиктер, ферментация процестері және функционалды тағамдардың адам денсаулығындағы рөлі бойынша заманауи ғылыми зерттеулер талқыланды.

Іссапар барысында Jiangnan University Азық-түлік ғылымы және технологиясы институтына сапар ұйымдастырылып, профессор Peng Zhou мырзаның қолдауымен қысқа мерзімді шеберлік сабақтарына қатысу мүмкіндігі берілді. Институттың ғылыми зертханалары мен инфрақұрылымымен танысып, жас зерттеушілермен кәсіби байланыстар орнатылып, болашақ ғылыми ынтымақтастық бағыттары талқыланды.

Аталған іссапар AP25793809 «Бие сүтінің әртүрлі төмен температурадағы табиғи микробтық құрамының динамикалық өзгерістерін және оның физикалық-химиялық қасиеттерімен байланысын зерттеу» ғылыми жобасы аясында жүзеге асырылды.

#SDG #ЦУР #ТДМ