Год: 2026

«РобоЖУ-2026» робототехника олимпиадасы

И.Жансүгіров атындағы Жетісу Университетінің физика-математика факультетінің робототехника және мехатроника зертханасы қазіргі жастарды оқыту және тәрбиелеу және оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту мақсатында 2026 жылғы 22 мамырда Жетісу облысының мектептері арасында жыл сайынғы «РобоЖУ-2026» робототехника бойынша олимпиадасын өткізді. Олимпиадаға тоғыз команда қатысты. РобоФутбол байқауында бірінші орынды Қаратал ауданының Қ.Тоқаев атындағы орта мектебінен «KemelZhastary» командасы иеленді, Кегельринг байқауында …

«РобоЖУ-2026» робототехника олимпиадасы Read More »

Ашық есік күні

2026 жылғы 21 мамырда Дене шынықтыру және өнер факультетінде Ашық есік күні өткізілді. Іс-шара барысында талапкерлер мен қонақтар факультеттің білім беру бағдарламаларымен, оқу үдерісімен және студенттердің шығармашылық жетістіктерімен танысты. Сонымен қатар, спорттық және мәдени бағыттағы түрлі таныстырылымдар ұйымдастырылып, қатысушыларға факультет өмірі туралы толық ақпарат берілді.

ҚАЛАМГЕР, СПОРТ ШЕБЕРІ НЕСІП ЖҮНІСБАЙҰЛЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

               Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, спорт журналисті, жазушы, спорт шебері, жоғары ұлттық дәрежедегі төреші, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Несіп Жүнісбайұлы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне арнайы қонақ болып келді. Журналистика кафедрасының оқытушы-дәріскері Ришад Тұрғанбайдың ұйымдастырумен өткен кездесуде  қаламгер болашақ журналистермен жүздесіп, өзінің өмір жолы, спорт саласындағы жетістіктері мен журналистикадағы …

ҚАЛАМГЕР, СПОРТ ШЕБЕРІ НЕСІП ЖҮНІСБАЙҰЛЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ Read More »

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ

Өз саласының үздік мамандарынан кеңес алу;Тікелей сұхбаттасу және жұмысқа орналасу мүмкіндігі; Күні: 29.05.20256 ж. Ұақыты: 10:00 Өтетін орны: І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің бас оқу ғимаратының фойесі #SDG #ЦУР #ТДМ

Аталған жұмыс спорт залының эстетикалық келбетін арттыруға және білім ордасының көркемдік ортасын жаңартуға бағытталды.

Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы-дәріскерлері М.С. Мырзаканов, Б.Б. Ахметовтың жетекшілігімен Дизайн білім беру бағдарламасының студенттері І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті бас оқу ғимаратының спорт залы қабырғаларына көркем суреттер салды. Аталған жұмыс спорт залының эстетикалық келбетін арттыруға және білім ордасының көркемдік ортасын жаңартуға бағытталды.

Әдістемелік семинар

https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2026/05/СЕМИНАР.mp4 2026 жылғы 15 мамырда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық факультет Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 3, 4-курс студенттеріне арналған әдістемелік семинар ұйымдастырды. Тағылымды кездесудің мақсаты – болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттырып, мектеп тәжірибесіндегі заманауи оқыту бағыттарымен таныстыру. Семинар барысында магистр, педагог-шебер Р.Р. Құрманғалиева «Адал азамат» бағдарламасының …

Әдістемелік семинар Read More »

Дөңгелек үстел

Жетісу университетінің комплаенс-қызметкері Болат Қабыкенов әскери кафедра ұжымына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және корпоративтік әдеп кодексінің талаптарын түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, академиялық адалдық қағидаттарын сақтау, қызметтік міндеттерді орындау кезінде заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, корпоративтік әдеп кодексінің негізгі нормалары, қызметкерлердің кәсіби мінез-құлқы, …

Дөңгелек үстел Read More »

«Заңды сыйлау — өзіңді сыйлау» тақырыбындағы кездесу

19 мая 2026 года студенты Жетысуского университета имени И. Жансугурова в рамках принципа закона и порядка встретились с исполнительным директором общественного объединения «Әділдік жолы» Дидаром Смагуловым. В ходе встречи на тему «Уважать закон — значит уважать себя» гость поделился мыслями о правовой культуре, принципах справедливости, ценностях закона и порядка, а также вопросах противодействия коррупции. В …

«Заңды сыйлау — өзіңді сыйлау» тақырыбындағы кездесу Read More »

Хабарландыру!

2025–2026 оқу жылында мемлекеттік білім беру гранты негізінде магистратура және докторантура бітіруші түлектерді дербес жұмысқа бөлу іс-шарасы 2026 жылғы 26 мамыр күні өткізіледі. Іс-шара барысында түлектердің мамандығына сәйкес жұмыс орындары қарастырылып, еңбекпен өтеу мәселелері талқыланады #SDG #ЦУР #ТДМ

Халықаралық ғылыми тағылымдама

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті 8D01505 – География білім беру бағдарламасының докторанттары Нургазина А.С. пен Исабаев А.Т. 2026 жылдың 20 сәуірі мен 20 мамыры аралығында Гданьск университеті базасында халықаралық ғылыми тағылымдамадан өтуде. Тағылымдама Гданьск қаласында шетелдік ғылыми кеңесші профессор Ян А. Вентдтің жетекшілігімен жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда докторанттар халықаралық академиялық ортада ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді жүргізіп, тәжірибе …

Халықаралық ғылыми тағылымдама Read More »