2023 жылғы 20 ақпанда Педагогикалық информатика бойынша білім беру бағдарламасының МИҚ 311, ИПҚ 311, ФИПҚ 311, МИР 311 топ білімгерлерімен педагогикалық іс-тәжірибеден өткендігі туралы қорытынды конференциясы өтті.
Конференцияға Педагогикалық информатика бойынша білім беру бағдарламасының жетекшісі Ж. Жиембаев, п.ғ.к қауымдастырылған профессор А. Алдабергенова, іс- тәжірибеге жауапты әдіскер Н.Ермекова, аға оқытушы К. Забиева, оқытушы дәріскер Г. Кастеева және білімгерлер қатысты. Сөз кезегі білімгерлерге беріліп, олар іс- тәжірибе қорытындысы туралы есеп берді. Әдіскерлер өз білімгерлерінің іс-тәжірибелерін жоғары бағалады.