Меморандум

«Талдықорған акционерлік электрожүйелерінің тасымалдау компаниясымен» АҚ-мен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Талдықорған акционерлік электрожүйелерінің тасымалдау компаниясымен меморандуға қол қойды.
Басқарма төрағасы Серик Демидовтың айтуынша «ТАТЭК» АҚ Жетісу облысында электр энергиясын беруді және бөлуді жүзеге асыратын бірден-бір өңірлік электржелілік компания. Оның құрылымында 11 РЭҚ бар. Алайда өңірімізде радиотехник, инженер-электрик маманы тапшы.Сондықтан, аймақтық ЖОО-мен бірігіп, мәселені тиімді шешудің жолын қарастыруда. Осы орайда, кәсіпорын басшысы «ТАТЭК» оқу полигонында практикалық сабақтар өткізуге болатынын айтып, кадр даярлау ісінде нәтижелі жұмыс жасайтынына сенім білдірді.Жиында Жетісу университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Қуат Баймырзаев жаңа оқу жылынан бастап Техникалық ғылымдар жоғары мектебінде «Радиотехника» және «Инженер-электрик» мамандықтары ашылатынын айтты. Сондай-ақ, ректор екі жақты меморандум барысында жыл сайын өңірімізде сұранысқа ие техникалық сала бойынша жаңа мамандықтар ашылып отыратынын жеткізді.