StartUp жобалар байқауы

Жаратылыстану жоғары мектебі жаңашыл жастар арасында инновациялық идеялар мен стартап жобалардың байқауын жариялайды.

Байқау мақсаты:

  • Жоғары мектептің білім алушыларының, магистранттардың, докторанттардың, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер мен жаңашыл жастардың зерттеу және инновациялық қызметін насихаттау және ынталандыру;
  • Перспективалық зерттеулер үшін ұйымдастырушылық жағдайлар жасау, дарынды жастарды анықтау және қолдау.

Байқау кезеңдері:

  • Бірінші кезең – тіркеу

Өтінімдерді тіркеу мерзімі: 2023 жылғы 02 қазаннан 29 қазанға дейін

Әрбір жоба бойынша өтінімдер электронды түрде (қазақша немесе орысша), ұсынылған үлгіге сәйкес келесі мекенжай бойынша қабылданады: Талдықорған қаласы, «І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕ АҚ, 2 оқу ғимараты, 319 аудитория, abdulayeva9aigerim@gmail.com.

  • Екінші кезең – жоба презентациясы

ІІ кезең жоғары мектеп базасында өтеді. Жобаларды таныстыру барысында келесі мәселелерге тоқталу қажет: жобаның мақсаты мен міндеті; іске асырудың негізгі кезеңдері, жобаның күтілетін нәтижелері (нақты инновациялық өнім); жобаның инновациялылығы; бизнес компоненті; бәсекелестер.

Байқауға жасы 29 жастан аспаған білім алушылар, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдар қатыса алады.

Қатысушы байқауға өз атынан бірнеше жобаны ұсына алады.

Байқау талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер қабылданбайды. Байқауға жіберілген материалдар қайтарылмайды.

Байқау жеңімпаздары «ZHETYSU-STARTUP-2024» инновациялық жобалардың ЖОО ішіндегі байқауына қатысуға жолдама алады.