![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2024/02/WhatsApp-Image-2024-02-21-at-13.21.28-1024x1024.jpeg)
2024 жылғы 20 ақпанда «Шетел тілдері және аударма ісі» ББ жетекшісі Жабыкбаева Динара Маратовна, оқытушы-дәріскер Тұрабай Гүлдана Келісқызы және оқытушы-ассистент Омарбекова Гульжан Мұратқызы «Developing learning skills of English language: ICT competence» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында ұйымдастырушылар білім беру бағдарламасының ПОҚ-мен шетел тілдерін оқытуда АКТ қолдану саласындағы өз тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісті.
Семинардың мақсаты шет тілдерін оқытуда заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану, шетел тілдері сабақтарында АКТ-ның заманауи құралдарын қолдану арқылы шет тілдері мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту болды. Семинар қорытындысы бойынша Шет тілдері және аударма ісі бойынша ББ ПОҚ-на белсенді қатысқаны үшін сертификаттар табысталды.