2026 жылғы 1–9 тамыз аралығында Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан Әлем чемпионаты өтті. Аталған додада І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Талғатқызы Данагүл 70 кг салмақ дәрежесінде қола жүлдеге қол жеткізді.
Данагүлді жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейміз!




