ФОЛЬКЛОР ТӘЖІРИБЕСІ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ КОНФЕРЕНЦИЯ

24 ақпанда филологтарды даярлау БББ «Орыс тілі мен әдебиеті», «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» 2 курс студенттерінің фольклорлық тәжірибесі бойынша қорытынды конференциясы өтті.

2022 жылдың 07 ақпаны мен 19 ақпаны аралығында БББ оқытушылары Б.А. Ауелбекова, К.А. Чеснокова, М.К. Абайдельданованың жетекшілігімен студенттер гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебінің базасында фольклорлық тәжірибеде өтті.

Фольклорлық практикадан өту кезінде студенттер қалалық фольклорды зерттеп, талдады, кітапханаларға барып, Орыс облыстық орталығының өкілдерімен, фольклор жеткізушілерімен танысты.

Фольклорлық практиканың аяғында студенттер жасаған жұмыстары туралы күнделік толтырды және есептер жазды.

Конференция барысында әрбір топ атқарылған жұмыстар туралы есеп берді және салт-дәстүрден көрініс көрсетті.