Семинар – тренинг

29.09.2022 жылы Жилин университетінің (Словак Республикасы, Жилин қ.) биік таулы биология ғылыми-зерттеу институтының директоры, биология ғылымдарының кандидаты, профессор Мариан Янига Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессор-оқытушылар құрамына «БАКАЛАВРИАТ ПЕН МАГИСТРАТУРАДА ҒЫЛЫМДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ» тақырыбында семинар – тренинг өткізді.

Тренинг барысында профессор Мариан Янига  профессор-оқытушылар құрамына білімгерлерді ғылымға қалай қызықтыруға болады, жүйелі түрде ғылыми жұмыстарды қадағалау, өзекті мәселелерді дұрыс таңдау жайлы тәжірибесімен бөлісті. Ғылыми жұмыстарды жоспарлау мен ұйымдастыру ерекшеліктері мен маңызды тұстарына тереңірек тоқталды.

Семинар – тренинг барысында университет қызметкерлері өздерін қызықтыратын тақырыптарға белсенді сұрақтар қойып, Жилин университетінің (Словак Республикасы, Жилин қ.)  білімгерлерімен  және магистранттарымен танысуға мүмкіндік алды.