Zhansugurov College

Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

«Zhansugurov college» Бастауыш білім беру мамандығының 1 курс студенті Сатыбалды Адина джиу джитсу файтинг күресінен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында 1 орын иеленді! Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Биік белестерден көріне беріңіз!

Ғылым және инновация – жаңашылдық арқауы🤩

Республикалық колледж студенттеріне арналған «Student Energy Challenge-Junior» байқауының іріктеу қорытындысы бойынша Zhansugurov college-нің «Zhansugurov college», «IT ZH» команда құрамы финалға өтті. «KAZENERGY» қауымдастығы «Шелл Қазақстан» компаниясымен серіктесе отырып әрі оның қаржылай қолдауымен 2017 жылдан бері өткізіліп келе жатқан «Student Energy Challenge» мерейтойлық байқауының шеңберінде колледж студенттеріне арналған «Student Energy Challenge-Junior» (Байқау) жобасы алғаш рет өткізіліп …

Ғылым және инновация – жаңашылдық арқауы🤩 Read More »

ҚҰТТЫҚТАУ!

“Zhansugurov college” 1 курс 104 топ “Бастауыш білім беру” мамандығының студенті Орынбек Сандуғашты “Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ұйымдастырған Қазақстан халқы тілдері күніне және «Қала күні» мерекесіне орай «Талдықорған – менің қалам» тақырыбында эссе жазу байқауында өз білімін жоғары деңгейде көрсетіп III дәрежелі диплом мен 10000 теңге сертификатын иеленуімен құттықтаймыз!

“Қала күні” мерекесіне орай қала көлемінде өткізілген пленэрде

“Қала күні” мерекесіне орай қала көлемінде өткізілген пленэрде Абдилдаев М.Д. жетекшілігімен колледжіміздің дизайн мамандығының төмендегі студенттері: Аманқос Ақбота,Илебай Медет,Шәкіртхан Анеля,Муханбет АружанЕрдосқызы Малика Алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды

Мемлекеттік басқару академиясының оқытушыларының «Қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру» атты тақырыпта онлайн мастер-класс өткізілді

Құқықтану мамандығының оқытушыларының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқытушыларының «Қоғамда парасаттылық  мәдениетін қалыптастыру» атты тақырыпта онлайн мастер-класс өткізілді.