Факультет естествознания

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Жаратылыстану факультеті Гаврилова Екатерина Николаевнаны 6D010900 – Математика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуымен құттықтайды. Сізге сәттілік, ғылыми және кәсіби қызметте шығармашылық идеяларды жүзеге асыру, үлкен мақсаттарға жету, оптимизм және отбасылық игіліктер тілейміз!

«Діни экстремизм мен терроризм»

2021 жылдың 5 қарашасында Жаратылыстану факультетінде «Биология» мамандығының 2 курс  білімгерлерімен топ кураторы, оқытушы-дәріскер Т.К.Укушева – Адамгершілік және рухани тәрбие модулі бойынша «Діни экстремизм мен терроризм» тақырыбында тәрбие іс-шарасын өткізді. Іс шараның мақсаты: Білімгерлерге экстремизм  және  терроризм қоғамға қауіптілігі туралы түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру; толеранттылық сезімін, қоршаған шындыққа деген философиялық және …

«Діни экстремизм мен терроризм» Read More »

Жемқорлықтың алдын алу бойынша квест ойыны

05.11.2021 ж. Жаратылыстану факультетінің оқытушылары Ескендиров  К.Б пен Куатбаева Д.Е  жемқорлықтын алдын алу бойынша квест ойынын ұйымдастырды.  Квест ойының мақсаты болашақта жемқорлықтын алдын алу жолдары. Біздің тәуелсіз елімізде жемқорлыққа жол жоқ деген қағиданы ұстандық. Квест ойынға МПҚ-211 және ФПҚ-311 білімгерлері қатысты. Ойын барысында қызықты сұрақтар қойылды.  Сонымен қатар білімгерлерге сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесінде білімгерлер болашақта …

Жемқорлықтың алдын алу бойынша квест ойыны Read More »

Қызға қырық үйден тыйым

29.10.2021 жылы Жаратылыстану факультетінде 105 аудиторияда куратор Укушева Т.К. «Химия-Биология» 2 курс білімгерлерімен «Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбы бойынша тәрбие іс-шара өткізілді. Мақсаты қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани-адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Кездесу барысында студенттердің қызға қырық тыйымды …

Қызға қырық үйден тыйым Read More »

«Ілияс Жансүгіров атындағы әдебиет мұражайына экскурсия»

29.10.2021 күні жаратылыстану факультетінің бірінші курс ФҚ111 тобының кураторы, оқытушысы А.В. Шендель Ілияс Жансүгіров атындағы әдебиет мұражайына экскурсия өткізді. Экскурсияның мақсаты-студенттердің лингвистикалық, ақпараттық-коммуникативтік, әлеуметтік-мәдени құзыреттерін дамыту.

«Бәсекеге қабілетті ұлт болудың белгісі – білімді ұрпақ!»

2021 жылдың 27 қазанында Жаратылыстану факультетінің Педагогикалық информатика білім беру бағдарламасының  оқытушы-дәріскері Ермекова Н.С «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Информатика», «Физика-информатика» білім беру бағдарламаларының 3-4 курс білімгерлерінің қатысуымен «Бәсекеге қабілетті ұлт болудың белгісі – білімді ұрпақ!» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның  мақсаты- еліміздің ертеңі бәсекеге қабілетті білім иелерінің қолында. Білім алушылар бүгінгі ұрпаққа әлемдік білім беру …

«Бәсекеге қабілетті ұлт болудың белгісі – білімді ұрпақ!» Read More »

РУХАНИ ДАМЫМАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ БОЛМАЙДЫ

2021 жылдың 22 қазан күні жаратылыстану факультетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жаратылыстану-ғылыми бағыт бойынша білім беру бағдарламалары бойынша оқытушы-дәріскер, химия ғылымдарының кандидаты С.А. Сыдыкбаева және химия мамандығының 4 курс білімгерлерінің ұйымдастыруымен «Рухани дамымай экономикалық даму болмайды» атты пікірталас өтті. Студенттер өз ойларымен бөлісті. Пікірталас жоғары дәрежеде өтті.

Өндірістік практикаға арналған бағыттау конференциясы

2021 жылдың 30 сәуірінде Жаратылыстану факультеті, Математика және информатика кафедрасында информатика мамандығының 3 курс (колледжден кейінгі) білімгерлерге бағыттау конференциясы өтті. Білімгерлерге практиканы өту бойынша әдістемелік нұсқаулар берілді. Конференцияға кафедра меңгерушісі Жиембаев Ж.Т., университет бойынша практикаға жауапты маман Ашимова Д.И. және кафедра бойынша практика жетекшісі, оқытушы Ермекова Н.С. қатысты. Конференцияда іс-тәжірибенің мақсаты мен міндеттері түсіндіріліп, іс-тәжірибе …

Өндірістік практикаға арналған бағыттау конференциясы Read More »

Сыбайлас жемқорлық – індет, оны жою – міндет!

2021 жылдың 23 сәуірінде жаратылыстану факультеті 2-курс кураторы Исабаев Ануар Тоқтамысович білімгерлерімен «Сыбайлас жемқорлық – індет, оны жою – міндет» тақырыбында онлайн кураторлық сағат өткізді. Іс-шараның мақсаты: Білімгерлерге адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру; «жемқорлық» деген не екенін түсіндіру.

«Салауатты өмір салты – жарқын болашақ кепілі»

22.04.2021 жылы Жаратылыстану факультетінің 3 курс кураторы жаратылыстану кафедрасының аға оқытушысы А.Атабаева мен білімгерлер «Салауатты өмір салты – жарқын болашақ кепілі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: Жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортаны таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу.