ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СЕРВИС КАФЕДРАСЫ
Экономика және сервис кафедрасының миссиясы – жұмыс берушілердің талаптарын қанағаттандыратын, тұлғалық және кәсіби қызметтегі құзыреттіліктерін негізге ала отырып, болашаққа нақты бағдарланған заманауи мамандарды оқытып шығару.
Біздің мақсатымыз – білім беру процесінде студенттердің қабілеттері мен мүмкіндіктеріне ғана сүйенбей, тұлғаның шығармашылық белсенділігін қалыптастыруға, оның барынша дамуына, яғни танымдық қызығушылықтарын, іскерлігін қалыптастыру мен бағалауда өзіндік дербес әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасау.
ПОҚ сандық және сапалық көрсеткіштері:
ПОҚ құрамы жоғары біліктілігі және кәсіби шеберлігімен ерекшеленеді. Кафедра оқытушыларының ішінде 7-інің ғылыми дәрежелері бар. Олардың қатарында: кафедра меңгерушісі, э.ғ.к. Тулешова Г.Б., Байдыбекова С.К., Лухманова Г.К., Сейсекенова М.Б., PhD Касымова А.М., Есенгабылова А.К., Касеинова М.И.
10 оқытушының магистр академиялық дәрежесі бар, оқытушы-дәріскер, магистрлар: Абдыкалиева Ж.Ш., Казиева Л.Ж., Бастаубаев А.К., Беркінбаева Е.Е., Жунусова Г.А., Оралова С.Ш., Айткулова С.Н., Гусенов Б.Ш., Сапарова А.К., Тасыбай Б.М.
1996 жылы политэкономика және философия кафедрасының негізінде экономика және сервис кафедрасы құрылды.
2016-2017 оқу жылы кафедраның атауы «Экономика және сервис» болып өзгертілді.
- Түлектері:
Сапаров Елдар Кайсарұлы- Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары.
Капасов Мейрамбек Куанышевич – "Жетісу" туристік ақпараттық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары.
- Бакалавриат бойынша:
- 6В04101 - Экономика
- 6В04109 - Экономика және басқару
- 6В11101 - Туризм
- 6В11102 - Қонақ үй- мейрамхана бизнесі
- 6В11103 - Туризм және қонақ үй бизнесі
- 6В04108 - Қаржы және есеп
- Магистратура:
- 7М04101- Экономика
- 7М04106- Қаржы
- Докторантура:
- 8D04101- Экономика
- 6В11103-Туризм және қонақ үй бизнесі білім беру бағдарламасы бойынша элективті пәндер каталогы
- 6В04108- Қаржы және есеп білім беру бағдарламасы бойынша элективті пәндер каталогы
- 6В04109- Экономика және басқару білім беру бағдарламасы бойынша элективті пәндер каталогы
- 7М04101-Экономика магистратура 1 жыл (профильдік бағыт)
- 7М04101-Экономика магистратура 2 жыл (ғылыми- педагогикалық бағыт)
- 8D04101-Экономика PhD
Экономика және бизнес бакалавры академиялық дәрежесін алған 6B04101 – Экономика мамандығының түлектері материалдық игілік және қызмет көрсетуді өндіру, тұтыну, айырбастау және тарату үрдісіндегі адамның экономикалық іс-әрекеті туралы теориялық түсініктеменің болуы, экономикалық және басқа да басқарушылық қызметтер шеңберінде практикалық тапсырмаларды орындау, қарқынды өзгеретін сыртқы орта жағдайында шешімдер қабылдау, ақпараттарды өңдеу, заманауи технологияны қолдана білу, экономикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы есептерді шешуге қатысты барлық қажетті білім және практикалық дағдыларды меңгереді.
6B11101- Туризм мамандығы бойынша бакалаврдың кәсіби іс-әрекет саласы ретінде туризм және қонақжайлылық индустриясы, сонымен қатар ғылым, білім, мемлекеттік реттеу және туризммен тікелей және жанама байланысты адами қызметтің басқа да сфералары жатады.
6B11102 –«Қонақ үй- мейрамхана бизнесі» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавры туризм кәсіпорындарындағы орта және жоғары деңгейдегі басқарушылар және мамандар қызметінде, қонақ үй-мейрамхана кешендерінде, әуе компаниялары және әр түрлі ұйымдық-құқықтық формасындағы халық шаруашылығының формасы, ғылыми-зерттеу институттары және ЖОО, мемлекеттік басқару формасы және жергілікті өзін-өзі басқару кәсіби қызмет көрсету сферасы болып табылады
Экономика және сервис саласы бойынша БББ профессорлық-оқытушылар құрамы ғылыми журналдарда, халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда, оқу құралдары мен әдістемелік ұсыныстарды шығару бойынша жоғары рейтингтік көрсеткіштерге ие.Кафедраның ғылыми-зерттеу бағыты:
- Заманауи экономика жағдайында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдіру;
- Рухани-адамгершілік экономика-инновациялық мәдениет пен креативті ойлаудың негізі.
1. Baltabayeva, A., Zhunussova G., et al. (2019). Environmentally Oriented Anti-Crisis Management of Enterprises: Problems, Directions, and Prospects. Journal of Environmental Management and Tourism, (Volume XI, Spring), 1(41): 157 — 164. DOI:10.14505/jemt.v11.1(41).18 Article’s History: Received December 2019; Revised January 2020; Accepted February 2020. ASERS Publishing.
2. Saparov E., Tuleshova G., Zhunussova G. DEVELOPMENT OF ENTREPRENEURSHIP IN AGRO-INDUSTRIAL COMPLEX OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN: CAPACITY, TRENDS AND DEVELOPMENT PROSPECTS. Номер:1(114). 2020. Журнал: Экономика и предпринимательство.
3. Гусенов Б.Ш. Терминологичесский словарь-справочник по курсу «Теория государственного управления» для специальности «Государственное и местное управление», 2019.
4. Илимжанова З.А., Гусенов Б.Ш. Приложение «DEVICE», 2019.
5. Габдуллина Р.Ж., Тулешова Г.Б., Корабаева Н.Б., Оралова С.Ш. Кәсіпкерлік пәнінен терминологиялық сөздігі (анықтамалық құрал).- І.Жансүгіров атындағы ЖУ, Талдықорған 2018.
6. Тулешова Г.Б., Беркинбаева Е.Е. Туристік қызметтер нарығыңдағы бәсеке. — І.Жансүгіров атындағы ЖУ, Талдықорған 2018.
7. Тулешова Г.Б., Габдуллина Р.Ж., Казиева Л.Ж.«Халықаралық экономика» (программа для ЭВМ – электронное учебное пособие), 2018.
8. Есенгабылова А.К. Алматы облысының сакралды орындарының картасы, 2018.
А.Ж.Т. | Топ | Уақыты | Бұйрықтың нөмірі | Университет, ел |
Байділдә Анель Маратқызы | Бакалавриат | 11.09.2024-08.02.2025 | 393-с | Management and Science University, Малайзия |
Саитова Алина Аркеновна | Бакалавриат | 14.02.2023-08.07.2023 | 3-с | Университет Лодзь, Польша |
Дүйсенғали Назира Ғалымжанқызы | Бакалавриат | 01.10.2021-20.02.2022 | 633-с | Университет Лодзь, Польша |
Кыдырбаева Айгерим Нурлановна | Бакалавриат | 01.10.2021-20.02.2022 | 653-с | Университет Лодзь, Польша |
Мамырбекова Ақбота Ержанқызы | Бакалавриат | 01.10.2021-20.02.2022 | 653-с | Университет Лодзь, Польша |
Оқу үдерісіне қатысатын шетелдік оқытушылардың тізімі
№ | А.Ж.Т. | Лауазымы, ғылыми дәрежесі | Оқытатын пәндер тізімі | Растайтын құжаттың № және күні | Маман келген ел | Негізгі жұмыс орны | Оқыту ұзақтығы | |
1. | Victorie Daskova | PhD | The global economy and internationalization of companies | №372л 10.10.2023 | Чехия | Научно-исследовательский институт ядерной физики | 11.10.2023-17.11.2023 | |
2. | Стефан Дырка | Э.ғ.д., профессор | Анализ и управление рисками бизнес-процессов компании | №69л 26.10.2020 | Катовице, Польша | В.Корфант атындағы Жоғары Силезск экономика университеті | 26.10.2020-13.11.2020 |
Әлеуметтік –тәрбие қызметі студенттермен сабақ кезінде ғана емес, сабақтан тыс уақытта да жүргізіледі. Патриоттық, оқу-еңбектік және мәдени-эстетикалық тәрбиеге баса назар аударылады.
- 25 қыркүйекте Дүниежүзілік туризм күні аясында құқық және экономика факультетінің Экономика және сервис кафедрасы ұйымдастырған «Туризмнің болашағы: студенттердің көзқарасы» тақырыбында кездесу өтті, Студенттер тұрғысынан туризмдегі перспективалар мен инновацияларды талқылау, олардың туристік саланы жақсарту жөніндегі идеялары мен ұсыныстарын анықтау, өңірдегі туризмді дамыту және саладағы ұсыныстарды әзірлеу.
- 20 қыркүйекте Жетісу облысының экология департаменті «World Clean up Day» Бүкіләлемдік акциясын өткізді. Аталған іс-шараға Экономика және сервис кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты. Бұл қоғам табиғи және қоғамдық аумақтарды қоқыстардан тазарту үшін Біріккен күн. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен акция бір мезгілде бүкіл өңір бойынша өтті.