Қаржы және қызмет көрсету салалары бойынша БББ

НЕГІЗГІ АҚПАРАТ

Экономика және сервис саласы бойынша БББ негізгі миссиясы – жұмыс берушілердің талаптарын қанағаттандыратын, тұлғалық және кәсіби қызметтегі құзыреттіліктерін негізге ала отырып, болашаққа нақты бағдарланған заманауи мамандарды оқытып шығару.

Біздің мақсатымыз – білім беру процесінде студенттердің қабілеттері мен мүмкіндіктеріне ғана сүйенбей, тұлғаның шығармашылық белсенділігін қалыптастыруға, оның барынша дамуына, яғни танымдық қызығушылықтарын, іскерлігін қалыптастыру мен бағалауда өзіндік дербес әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасау.

ПОҚ сандық және сапалық көрсеткіштері:

БББ ПОҚ құрамы жоғары біліктілігі және кәсіби шеберлігімен ерекшеленеді. БББ оқытушыларының ішінде 4-інің ғылыми дәрежелері бар. Олардың қатарында: БББ жетекшісі: э.ғ.к., доцент, (қауымд.профессор м.а.) Тулешова Г.Б., э.ғ.к.: Токтасын Д., Илимжанова З.А., Карбозова Ж.Ж. 

8 оқытушының магистр академиялық дәрежесі бар, оқытушы-дәріскер, магистрлар:  Казиева Л.Ж., Корабаева Н.Б., Байтаракова Б.Д., Гусенов Б.Ш., Айткулова С.Н., Касымова А.М., сонымен қатар оқытушы-ассистент, магистрлар: Есимбекова М.Ж., Сапарова А.Қ.

БББ ТАРИХЫ
1996 ж.

1996 жылы политэкономика және философия кафедрасының негізінде экономика және сервис кафедрасы құрылды.  

2017 ж.

2016-2017 оқу жылы кафедраның атауы «Экономика және сервис» болып өзгертілді.

- БББ түлектері:

Сапаров Елдар Кайсарұлы- Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы басшысы.

Капасов Мейрамбек Куанышевич – «Алматы облыстық Туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығы» МКҚК Туристік қызмет көрсету саласын дамыту бөлімінің меңгерушісі.

Бекенов Данияр Нурланович – Алматы облысы білім басқармасының дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының «Туризм және өлкетануды дамыту бөлімінің» жетекшісі.

оқу–әдістемелік қызметі

Экономика және бизнес бакалавры академиялық дәрежесін алған 5В050600 – «Экономика» (6B04101 – Экономика)  мамандығының түлектері материалдық игілік және қызмет көрсетуді өндіру,   тұтыну, айырбастау және тарату үрдісіндегі адамның экономикалық іс-әрекеті туралы теориялық түсініктеменің болуы, экономикалық және  басқа да басқарушылық қызметтер шеңберінде практикалық тапсырмаларды орындау, қарқынды өзгеретін сыртқы орта  жағдайында шешімдер қабылдау, ақпараттарды өңдеу, заманауи технологияны қолдана білу, экономикалық және  ұйымдастырушылық сипаттағы есептерді шешуге қатысты барлық қажетті білім және практикалық дағдыларды меңгереді.

«5В090200 – Туризм» (6B11101- Туризм) мамандығы бойынша бакалаврдың кәсіби іс-әрекет саласы ретінде туризм және қонақжайлылық индустриясы,  сонымен  қатар ғылым, білім, мемлекеттік реттеу және туризммен тікелей және жанама байланысты  адами қызметтің  басқа да сфералары жатады.

6B11102 –«Қонақ үй- мейрамхана бизнесі» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавры туризм  кәсіпорындарындағы орта және жоғары деңгейдегі  басқарушылар және мамандар қызметінде, қонақ үй-мейрамхана кешендерінде, әуе компаниялары және  әр түрлі ұйымдық-құқықтық формасындағы халық шаруашылығының формасы, ғылыми-зерттеу институттары және ЖОО, мемлекеттік  басқару формасы және жергілікті өзін-өзі басқару  кәсіби қызмет көрсету сферасы  болып табылады.

ҒЫЛЫМИ- ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІ

Экономика және сервис саласы бойынша БББ профессорлық-оқытушылар құрамы ғылыми журналдарда, халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда, оқу құралдары мен әдістемелік ұсыныстарды шығару бойынша жоғары рейтингтік көрсеткіштерге ие.Кафедраның ғылыми-зерттеу бағыты: 

  • Заманауи экономика жағдайында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдіру;
  • Рухани-адамгершілік экономика-инновациялық мәдениет пен креативті ойлаудың негізі.

1. Baltabayeva, A., Zhunussova G., et al. (2019). Environmentally Oriented Anti-Crisis Management of Enterprises: Problems, Directions, and Prospects. Journal of Environmental Management and Tourism, (Volume XI, Spring), 1(41): 157 – 164. DOI:10.14505/jemt.v11.1(41).18 Article’s History: Received December 2019; Revised January 2020; Accepted February 2020. ASERS Publishing.

2. Saparov E., Tuleshova G., Zhunussova G. DEVELOPMENT OF ENTREPRENEURSHIP IN AGRO-INDUSTRIAL COMPLEX OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN: CAPACITY, TRENDS AND DEVELOPMENT PROSPECTS. Номер:1(114). 2020. Журнал: Экономика и предпринимательство.

3. Гусенов Б.Ш. Терминологичесский словарь-справочник по курсу «Теория государственного управления» для специальности «Государственное и местное управление», 2019.

4. Илимжанова З.А., Гусенов Б.Ш. Приложение «DEVICE», 2019.

5. Габдуллина Р.Ж., Тулешова Г.Б., Корабаева Н.Б., Оралова С.Ш. Кәсіпкерлік пәнінен терминологиялық сөздігі (анықтамалық құрал).- І.Жансүгіров атындағы ЖУ, Талдықорған 2018.

6. Тулешова Г.Б., Беркинбаева Е.Е. Туристік қызметтер нарығыңдағы бәсеке. – І.Жансүгіров атындағы ЖУ, Талдықорған 2018.

7. Тулешова Г.Б., Габдуллина Р.Ж., Казиева Л.Ж.«Халықаралық экономика» (программа для ЭВМ – электронное учебное пособие), 2018.

8. Есенгабылова А.К. Алматы облысының сакралды орындарының картасы, 2018.

АКАДЕМИялық ұтқырлық
Экономика және сервис саласы бойынша БББ студенттері, магистранттары және докторанттарының академиялық ұтқырлығы

 

А.Ж.Т.ТопУақытыБұйрықтың нөміріУниверситет, ел
Айдосқызы РозаБакалавриат 08.03.2021-02.07.2021 31-сУниверситет Лодзь, Польша
Мағзам Камила АсқарқызыБакалавриат01.10.2021-20.02.2022633-сУниверситет Лодзь, Польша
Дүйсенғали Назира ҒалымжанқызыБакалавриат01.10.2021-20.02.2022633-сУниверситет Лодзь, Польша
Кыдырбаева Айгерим НурлановнаБакалавриат01.10.2021-20.02.2022653-сУниверситет Лодзь, Польша
Мамырбекова Ақбота ЕржанқызыБакалавриат01.10.2021-20.02.2022653-сУниверситет Лодзь, Польша

Оқу үдерісіне қатысатын шетелдік оқытушылардың тізімі

 А.Ж.Т.Лауазымы, ғылыми дәрежесіОқытатын пәндер тізіміРастайтын құжаттың № және күніМаман келген елНегізгі жұмыс орныОқыту ұзақтығы 
1.Емин АтасойPhD, профессорТуризмнің арнайы түрлері; Малоотходные и безотходные технологии

№488л

05.12.2019

Турция,  Бурса қ.Улудаг университеті11.11.2019-08.12.2019 
2.Стефан ДыркаЭ.ғ.д., профессорАнализ и управление рисками бизнес-процессов компании

№69л

26.10.2020

Катовице, ПольшаВ.Корфант атындағы Жоғары Силезск экономика университеті26.10.2020-13.11.2020 
әлеуметтік- тәрбие қызметі

Әлеуметтік –тәрбие қызметі студенттермен сабақ кезінде ғана емес, сабақтан тыс уақытта да жүргізіледі. Патриоттық, оқу-еңбектік және мәдени-эстетикалық тәрбиеге баса назар аударылады. 

  • 17 ақпан қала оқу орындары арасында «Туған жерім- алтын қазығым« тақырыбында виртуалды тур өткізілді. Виртуалды турға  І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Zhansugurov college, Талдықорған жоғары политехникалық колледжі студенттерімен оқытушылары қатысты.
  • 18 ақпан қала оқу орындары арасында «Ұлттық болмысты сақтау- рухани жаңғырудың ең басты шарты» тақырыбында эссе конкурсы өткізілді. Конкурсқа  І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Zhansugurov college, Талдықорған жоғары политехникалық колледжі студенттері қатысты.
Экономика және сервис саласы бойынша БББ жетістіктері
2020 ж.

«Sustainable Tourism Development» ІІ Халықаралық ғылыми жұмыстар байқауы ІІІ орын.

2020 ж.

БББ оқытушысы Сапарова Ажар Қайсарқызы «Үздік жас педагог» төсбелгісімен марапатталды.

2020 ж.

«Жетісу» брендінің кәдесый өнімдерін әзірлеудегі облыстық конкурсы 1 орын.

2020 ж.

Экономика және сервис саласы бойынша БББ оқытушы- дәріскері Гусенов Бархудар Шахгусенович «Халық алғысы» арнайы медалімен марапатталды. 

БІЗДІҢ ОҚЫТУШЫЛАР

Айткулова Сагадат Нояновна

Оқытушы- дәріскер

Тулешова Гульнара Булатовна

БББ жетекшісі

Касымова Айгерим Маликовна

Оқытушы- дәріскер

Казиева Лаура Женисовна

Оқытушы- дәріскер

Гусенов Бархудар Шахгусенович

Оқытушы- дәріскер

Корабаева Назгуль Бейсенбековна

Оқытушы- дәріскер

             Шомшекова             Балхия

Оқытушы-дәріскер

ТОЛЫҒЫРАҚ

       Беркінбаева           Еркеназ Ертайқызы

Оқытушы-дәріскер

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сейсекенова Мейрамбала Бейсембековна

Оқытушы-дәріскер

ТОЛЫҒЫРАҚ

             Лухманова                   Гульнар Койшыбаевна

Оқытушы-дәріскер

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бурнашева Венера Рашитовна

Оқытушы-дәріскер

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бастаубаев Аслан Куандыкович

Оқытушы-дәріскер

ТОЛЫҒЫРАҚ

Абдыкалиева Жупаргуль Шайласовна

Оқытушы-дәріскер

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сыздыкбаева Нургуль Байшариповна

Оқытушы-дәріскер

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жунусова Гулшат Алтынбековна

Оқытушы-дәріскер

ТОЛЫҒЫРАҚ