«Апамның алашасы» көрмесі өткізілді

2021 жылдың 9 маусымында Алматы облысының Көркемөнер галереясында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультеті, Шығармашылық білім беру кафедрасының аға оқытушысы Ахметов Бақыт Базарбекұлының «Апамның алашасы» атты жеке шығармашылық көрмесі ұйымдастырылып, өткізілді. І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ректоры Баймырзаев Қуат Маратұлы атынан Дене шынықтыру және өнер факультетінің деканы Утегенов Ерлан Казбекұлының құттықтау сөз сөйлеп, суретшіге кәсіби шеберлігінің дамуы мен кемелденуіне қосқан зор үлесі үздік жетістіктері үшін «І. Жансүгіров» атындағы төс белгіні табыс етті.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған