«Жүзден жүйрік» атты зияткерлік ойын мәресіне жетті.

«Жүзден жүйрік» атты зияткерлік ойын мәресіне жетті.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Zhansugurov college» оқытушысы Андас Ершаттың ұйымдастыруымен студенттер арасында «Жүзден жүйрік» атты зияткерлік ойын өтті.
Сайысқа студенттерден құралған 4 топ (әр топта 4 студент) қатысып, бақтарын сынады. Ойынға қатысқан үміткерлердің өнері мен өрлігін шетел тілі пәннің білікті ұстаздары Қорабаева М.С. Қабдрахманова Г.С. Төлеухан А.Т. бағалады.
Қоғамдағы «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасының атқарылуына үн қосып, Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге ат салысу, студенттер арасында тілдік ортаның қалыптасуына үлес қосу, елге, жерге деген сүйіспеншілік және жас ұрпақтың руханият мәдениетін дамыту, сонымен қатар, шығармашылықпен айналысатын жаңашыл білімгерлерді анықтауды мақсат еткен зияткерлік сайыс «топты таныстыру», «тексті мәнерлеп оқу», «аударма жұмысы» және «Ойлан да, тап!» сияқты төрт кезеңнен тұрды.
Ойынның шарты бойынша топ мүшелері жеребе тарту әдісі бойынша ойынды жалғастырды. Сондай-ақ, дауыс мәнері, өзін-өзі ұстауы және мәтінді оқудың көркемдік деңгейі, білімінің тереңдігі, берілген уақытты тиімді пайдалануы сияқты талаптар бойынша бағаланады.
Нәтижесінде І орынды «The Power Squad» 106 ШБқ тобы, ІІ орынды «Infinity» 208 Ақ тобы, ІІІ орынды «Worthy» 110 Ақ тобы иеленді.
Шара соңында жеңімпаз топтар мен қатысушыларға арнайы сыйлықтар табыс етілді.