04.11.2021ж «Zhansugurov college»-де әдістемелік кеңестің кезекті отырысы өтті

04.11.2021ж «Zhansugurov college»-де әдістемелік кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде бірнеше мәселелер қаралды. Атап айтсақ, тарих пәнінің оқытушысы Байырбаева Б.С. «Үй тапсырмасын бағалаудың тиімді тәсілдері» атты тақырыпта, физика пәнінің оқытушысы Кусаинова Д. Ж.«Сабақ барысында студенттерді бағалаудың әдіс – тәсілдері» атты шебер – сыныптар ұйымдастырып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Байырбаева Б.С. «Бағалау» бұл қандай үдеріс? Қалыптастырушы (формативті) бағалау үшін не маңызды? сұрақтары төңірегінде ой қозғап, «Қалыптастырушы» және «жиынтық» бағалаудың арасындағы түйінді айырмашылықтарына тоқталып, үй тапсырмасын бағалаудың «Ыстық орындық», «Таза тақта», «Тестілеу арқылы өзін – өзі бағалауға бағыт беру» сияқты тиімді тәсілдерін іс-әрекетте жүзеге асыру арқылы әріптестеріне бағыт-бағдар берді.
Кусаинова Д. Ж. сабақ барысында бағалауды іске асырмас бұрын, ең бірінші саралаудың маңыздылығына тоқтала отырып, сабақ жоспарын құрылымдауда «Блум таксономиясы» етістіктері мен сұрақтарының маңыздылығына сипаттама берді. Осы тұста, бағалау критерийлеріне байланысты жеңіл және күрделі тапсырмалар беру арқылы студенттің білімінің сапасын қалай арттыруға болатындығы жайлы өз іс-тәжірибесімен бөлісті.