МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ 90 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ

16 қараша күні университетте «Дара тұлға, ұлы шайыр, бір өрен жырларына сыйып жатқан бар әлем» атты Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған әдеби-сазды кеш өтті.  Кеш барысында ақынның туған жеріне, еліне, өнер мен махабат лирикасына арналған өлеңдері оқылып, сөзіне жазылған әндері шырқалып, «Жас түлек» студенттік театрының дайындаған «Қош махаббат» атты пьесасының үзінді көрсетілді. Шара ортасында ақынның өмірі мен шығармашылығынан интеллектуалдық ойын ойнатылып, нәтижесінде жүзден жүйріктер анықталып, университет ректоры Қ.Баймырзаевтың дипломдарымен марапатталды. Кешімізге Жетісу өңірінің ақындары ҚР Мәдениет қайраткері, Облыстық «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары-Жұматай Оспанұлы мен ҚР жазушылар одағы Алматы облыстық филиалы басшысының орынбасары-Жангелді Немеребай өз жырларын тарту етіп, студент жастарға алғыстарын білдірді. Мұқағали-мәңгілік өмір! Ақын мұрасы, маржан поэзиясы-мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін мұрасы, ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлең құмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек. Ақынның сөзі өлмесе, өзі де өлмегені.