Табиғатты аялайық!

2021 жылы 19 қарашада Жаратылыстану факультетінде Биология мамандығының 2 курс білімгерлерімен кураторы Укушева Т.К. «Табиғатты аялайық» атты тәрбие сағатын өткізді.

Тәрбие сағатының мақсаты: Білімгерлерді қоршаған ортаны аялауға, қорғау құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту. Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру, табиғат-анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу. Кездесу барысында Қазақстанның қазіргі таңда экологиялық мәселелері жайында, оларды шешу жолдары жайлы білімгерлер өз ойларын ортаға салды. Экологиялық жағдайды жақсарту бұл ғаламдық проблема, оны шешудің бір жолы адамдардың табиғат тазалығы үшін жауапкершілігін арттыру болып табылады. Яғни қоршаған ортаны қорғау дегеніміз — әр азаматтың құқықы мен міндеті.