24 қарашада құқықтану пәнінің оқытушылары С.Н.Наурызбаева, Г.Абзалқызы және Е.Б.Бейсенбековтың және «Саналы Ұрпақ» клубының құрамының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында ашық сот процесі өткізілді.

24 қарашада құқықтану пәнінің оқытушылары С.Н.Наурызбаева, Г.Абзалқызы және Е.Б.Бейсенбековтың және «Саналы Ұрпақ» клубының құрамының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында ашық сот процесі өткізілді. Сот процесінің мақсаты құқықтану мамандығының студенттерінің қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу пәнінен алған теориялық білімдерін тәжірибеде қолданып, үйрену. Іс-шара барысында І.Жансүгіров атындағы Жетісу Университетінің «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсенің жетекшісі Бейсов Ербол Жақсыбекұлы сөз алып, өз сөзінде Ел Президентi Қ.К.Токаев «мемлекеттiк негiзгi басымдылықтарының арасында сыбайлас жемқорлықпен күрес»,- деп атап өткен. Болашақ білімді жастардың қолында. Себебі қазіргі заманда білектің күшімен емес, білімнің күшімен жеңіске жете аласың. Білімді адамдар әрқашан ортаға керек болады. Олардың қосқан үлестері әлемді дамытып, жақсы жаққа өзгертеді. Біздің болашағымыз сіздерсіздер, колледж қабырғасынан бастап сіздер білімдеріңізді шыңдап, осындай мән-мағынасы зор процестерді өткізіп, сыбайлас жемқорлықпен күресті қазірден қолға алсаңыздар, біздің елдің болашағы жарқын болмақ,- деп студенттерімізге сәттілік тіледі.