1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күніне орай 26 қараша күні арнайы пәндер оқытушысы А.Т.Исмаилова «Бастауыш білім беру» 222 тобымен «Елбасы – ел мақтанышы» атты ашық тәрбие сағатын өтті.

1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күніне орай 26 қараша күні арнайы пәндер оқытушысы А.Т.Исмаилова «Бастауыш білім беру» 222 тобымен «Елбасы – ел мақтанышы» атты ашық тәрбие сағатын өтті. Ашық тәрбие сағатының мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы студенттерге мағлұмат беру; Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып студенттерді Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, адамгершілік пен патриоттылыққа тәрбиелеу болды. Ашық тәрбие сағатында студенттер Елбасының өмір жолы мен қызметі туралы айтып, Елбасы сөзін жазған әндерді шырқап, қазақ биін билеп, Елбасына арнаған өлең жолдарын оқыды.