«Тәуелсіздік тұғырым!»

30.11.2021 жылдың Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген «Тәуелсіздік тұғырым» атты университетте білім алып жатқан өзге ұлт өкілдерінің арасында Тәуелсіздік, Тұңғыш Президент Елбасы жайлы жазылған өлеңдерді мәнерлеп оқудан байқау өтті. Байқауға филология ғылымдарының кандидаты Қожағұлов Сайлау Қажыбекұлы бастаған әділқазылар алқасы байқауға әділ бағаларын беріп төрелік етті. Байқаудың құрметті қонағы Алматы облысы Қоғамдық келісім комуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Бұлғақов Жандарбек Айтақынұлы сөз сөйлеп, алда келе жатқан қос мерекемен құттықтап, жарыс соңынан жүлде төрінен көрінген қатысушыларды марапаттады. Айта кетсек, жүлделі үшінші орынға техникалық факультетінің студенті Қарабаева Амина ие болды, екінші орынды гуманитарлық факультетнің студенті Садыр Сабрина, байқаудың бас жүлдесін Zhansugurov colledg-нің білімгері Подгорнова Екатерина иеленді. Жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ел жастарының арасында патриоттық сезімді дамытып, 130-дан аса ұлт өкілдері өмір сүретін тәуелсіз еліміздің жастары бірлік пен татулыққа үндейтін байқау Алматы облыстық Қоғамдық келісім мемлекеттік мекемесі мен Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетнің бірігіп өткерген мерекелік іс-шарасы болды.