ХИМИЯ ПӘНІНЕН ОЛИМПИАДА

2021 жылдың 3 жетоқсанында жаратылыстану факультетінде 6В01506 – «Химия», 6В01507 – «Химия-Биология» білім беру бағдарламасының студенттері арасында химия пәнінен олимпиада өтті. Олимпиадаға 4 команда қатысты: ХПҚ-111 – «Science», ХБҚ-111 – «Жас химиктер», ХБҚ-211 – «Менделеев ізбасарлары», ХБҚ-211 – «Антуан Кюри» топтарының студенттері. Теориялық және эксперименттік турлардан тұратын олимпиадаға қатысқан студенттердің білімі мен дағдыларын жаратылыстану ғылыми бағыт бойынша  білім беру бағдарламасының жетекшісі б.ғ.к., Б.Қ. Өксікбаев бастаған қазылар алқасы бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша I орынды » Антуан Кюри » тобы (ХБҚ-211 тобы) иеленді. Жүлделі II орынды » Science » командасы (ХПҚ-111 тобы) алды. III орынды «Жас химиктер» (ХБҚ-111 тобы) және Бас жүлдені  «Менделеев ізбасарлары» (ХБҚ-211 тобы) командалары иеленді. Командалар арасында «Үздік топ басшысы» номинациясын алған ХПҚ-111 тобының студенті Ерболсынұлы Мақсат, «Үздік экспериментатор» номинациясын алған Сыдыков Асетбек және «Үздік химик» номинациясын   Шаяхмет Шырын ХБҚ-211 тобының білімгерлері ерекше көзге түсті. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.