«ZHANSUGUROV COLLEGE» -де тарих пәнінің оқытушылары С.М.Отарбекова мен А.М.Тулекованың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына» орай колледжшілік «Егеменді Қазақстан: жетістіктері мен болашағы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияның мақсаты: Тәуелсіз Қазақстан Республикасының 30 жыл ішінде жеткен жетістіктерін, ғылыми-инновациялық, әлеуметтік және қоғамдағы индустриалды-техникалық модернизациясын насихаттау болып табылады.

Колледжішілік ғылыми-тәжірибелік конференциясына 1-3 курс аралығындағы білімгерлер белсене қатысып, білім және ғылым саласының заманауи және өзекті мәселелері, Тәуелсіз Қазақстанның тарихи ғылымы: тұжырымдамалық мәселелері, жетістіктері мен дамуы; Егеменді Қазақстанның мемлекеттік құрылымы мен әлеуметтік-мәдени дамуының конституциялық-құқықтық тұрғыда қамтамасыз етілу мәселелері мен болашағы сияқты бірнеше өзекті тақырыптар қаралды.
Конференция жұмысы қазақ – орыс тілдерінде жүрді.
Конференцияға қатысушы білімгерлер жүлделі 1, 2, 3 орындары беріліп, дипломмен марапатталып, алғыс хаттар табысталды.
Алдағы уақытта «ZHANSUGUROV COLLEGE» білімгерлеріне, ғылымның биік белестерін бағындыра берулеріңізге шын жүректен тілектеспіз дегіміз келеді.