Біз жемқорлыққа қарсымыз!

2022 жылдың 13 сәуірінде Жаратылыстану Жоғары мектебінің «Химия-Биология» білім беру бағдарламаларының білімгерлері мен кураторы оқытушы-дәріскер Т.К.Укушева «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» атты кураторлық сағат өткізді. Іс-шара мақсаты білімгерлерді адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету. Сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағлұматтар беру. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек.