Электрондық үкімет

Заманауи білім беру тренді-өмір бойы оқыту. Қазіргі уақытта тек жастық шақта алған біліммен өмір сүру мүмкін емес, сонымен бірге барлық өзгерістер мен инновацияларға уақтылы жауап беретін білікті маман болу заман талабы.

2022 жылдың 15-17 маусым аралығында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығының базасында «Асыл қазына университеті» жобасының бағдарламасын жүзеге асыру аясында 50+ оқытушылары мен қызметкерлеріне арналған «Электрондық үкімет» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді курстар өтті. Бағдарлама тыңдаушылары e-gov порталының қызметімен танысты. Сонымен қатар порталдың жиі қолданылатын сервистерімен жұмыс істеу дағдыларын үйренді.