Қонақ дәрісі

Шетелдік профессор, биология ғылымдарының кандидаты Мариан Яниганың қонақ дәрісі

Жаңа оқу жылынның басынан жаратылыстану жоғары мектебі оқу үрдісіне шетелдік ғалымдарды тартуды бастап кетті.

Университетаралық ынтымақтастық жөніндегі келісімшарт аясында Жилин университетінен (Словакия) профессор Мариан Янига дәріс оқуға келді.

09.09.2022 ж. Профессор Мариан Янига университеттің оқытушы-профессорлық құрамы мен жас ғалымдарға «Биік тауларда экотоксикологиялық зерттеулер жүргізу» тақырыбында дәріс оқыды. Биік таулар биологиясы институтының құрылымы, ғылыми бағыттары мен зерттеу нәтижелері жайлы мәліметтерімен бөлісті. Жаратылыстану ғылыми бағыт бойынша білім беру бағдарламаларының профессорлық-оқытушыларымен бірлесе отырып жүргізетін ғылыми жұмыстарының жоспарымен бөлісті. Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тақырып жан-жақты талқыланды.