ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР

2022 жылдың қазан айында Жаратылыстану ғылыми бағытының «География» БББ-ның профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен білімгерлердің ғылыми семинары өтті.

Семинар барысында б.ғ.к., Жаратылыстану ғылыми бағыт бойынша білім беру бағдарламаларының жетекшісі Өксікбаев Б.Қ. Түркия мемлекетінің Анкара қаласында орналасқан  Хаджеттепе Университетінде (Hacettepe University) өткізген ғылыми тағылымдаманың нәтижесі бойынша баяндама – презентациясын жасады.

 Ғылыми тағылымдама барысында атқарылған жұмыстар: «Эстетикалық көзқарасты дамытуда биология мен экологиядағы проблемалық оқыту», «Жаратылыстану циклы пәндерінің пәнаралық интеграциясы», «Биологиялық әртүрлілікті зерттеу», «ЖОО студенттерінің биоэтикалық білімге деген көзқарасы» және т.б. тақырыптардағы семинарлар, зерттеу нәтижелерімен және зертханалық жұмыстар жүргізу тәжірибесімен бөлісті. Хаджеттепе Университеті жөнінде, Стамбул және Анкара қалалары туралы баяндап айтып берді.

Сонымен қатар, Б.Қ. Өксікбаев   2022 ж. сәуір айында «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде» өткізілген Республикалық студенттердің ең үздік ғылыми жұмысына арналған байқауда PhD, оқытушы-дәріскер Б.С. Керімбайдың ғылыми жетекшілігімен III орын иеленген Гтқ-411 тобының білімгерлері Ж.Садық пен Ж.Құрбаналиеваның III дәрежелі дипломын табыстады.