«JY ОҚУ РАДИОСТУДИЯСЫ» АШЫЛДЫ

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің құрылғандығына 50 жыл толуына орай білім ошағы қабырғасында оқу радиостудияның тұсауы кесілді. Аталған ұстаханада Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының студенттері теориялық білімін іс-тәжірбие жүзінде шыңдай алады. Студия толықтай соңғы үлгідегі заманауи дыбыс жазу және монтаждау құрал-жабдықтармен қамтылған.  

– Басшылықтың қолдауымен жүзеге асырылған кабинетте «Телерадиожурналистика», «Тележүргізушінің шеберлігі», «Авторлық бағдарлама» және тағы басқада  журналистика мамандығына баулу пәндері негізінде студенттер тек лекция тыңдап қана қоймай, осы радиостудияда өз күштерімен түрлі бағдарлама дайындап, монтаж жасауды үйренеді,-дейді Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының жетекшісі Жұмағали Бейсенбайұлы. 

Салтанатты ашылу рәсіміне университет ректоры Қ. Баймырзаев арнайы келген болатын. Басқарма төрағасы өз сөзінде болашақ журналситер үшін алдағы уақытта фотостудия ашу жөніндегі ұсынысты қолдап, қызметкерлеріне тапсырма берді. Бұндай қолдаудың жас мамандар үшін маңызы ерекше. Айта кетерлігі, осыдан үш жыл бұрын оқу телестудиясының ашылғаны белгілі. Нәтижесінде студенттер бейнесюжет дайындап, шеберлігін шыңдап келеді.