Көрме

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде білім ордасының 50 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара өтті. Шараға университетті әр жылдары басқарған ректорлар, сенат және мәжіліс депутаттары, университет қызметкерлері, зиялы қауым, БАҚ өкілдері қатысты.

Салтанатты шара қонақтары оқу орны бас ғимаратының фойесінде ғылым және ғылыми жобаларды коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен «Жетісу университетіне 50 жыл: білімге, ғылымға, мәдениетке қосқан үлесі» атты көрмені тамашалады. Көрмеде «Jas ǵalym». жас ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған ЖОО ішіндегі конкурстың нәтижелері ұсынылды. «Jas galym» байқауының жеңімпаздары робототехника бойынша – Жақанов Дәулет, Ибраимов Анет, Ахметов Жалғас ғылыми жобаларының нәтижелерін көрсетті, сондай – ақ IT бағыты бойынша-Асылбекова Шынар, Оразбаева Әсел, Тоқанов Мансур, Болат Бауыржан, Лим Виктория, Абдулаева Әйгерім жобаларын таныстырды. Қамбарова Айгерім биоқалдықтарды қайта өңдеу технологиясы арқылы үй құстарына, балықтарға жем өндірісі жобасын көрсетті Сонымен қатар, «ZHETYSU STARTUP» инновациялық идеялар мен бизнес жобалар байқауының жеңімпаздары Қанапия А. мен Омархан М.Ж. жобаларын таныстырды.

Салтанатты іс-шараның қонақтары біздің жас ғалымдарымыздың ғылыми қызметінің нәтижелерін үлкен қызығушылықпен тамашалады және болашақта университеттің ғылыми саласын, тұтастай алғанда елдің ғылыми қызметін дамытуда жеңісті күндеріміз көп болуын тіледі.