17 қараша күні Жаратылыстану жоғарғы мектебінің ГТҚ311, ГТҚ411, ГҚ411, ГИР411 топ білімгерлерімен куратор Дүйсембинова Сауле Мырзабековна «Сайлау-қоғам өмірінің айнасы» атты тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
Сайлау-азаматтық қоғамның аса маңызды институты, қазіргі заманғы жағдайларда азамат еркінің көрінісі қызметін атқаратын халық билігін тікелей іске асыру нысаны. Сайлау арқылы өкілді билік органдарын қалыптастыру, сондай-ақ Президентті сайлау қазіргі демократиялық республикалардың негізгі элементтерінің бірі және түпкі негізі болып табылады. Сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің қағидаттары, сондай-ақ субъективті сайлау құқықтарын беру қағидаттары сайлау құқығы қағидаттарының құрамдас бөліктері болып табылады, олар өз кезегінде халық билігінің мәнін көрсетеді және Конституциялық деңгейде бекітілген. Еліміздің жарқын болашағы үшін әр азаматтың сайлауға қатысуын, өзінің таңдаған кандидатына дауысын беруі міндетті. Бұл біздің болашағымыздың өсіп өркендеуіне, дамуына үлестерін қосуы туралы әңгіме сұхбат өткізді.