6В01509-«География», 6В01510-«География-Тарих» білім беру бағдарламалары бойынша пәндік олимпиада нәтижелері

2022 жылы 24 қарашада Жаратылыстану жоғары мектебі дайындайтын 6В01509-«География», 6В01510-«География-Тарих» білім беру бағдарламаларының 2-4 курс студенттерінің қатысуымен базалық және беймдік пәндер  бойынша олимпиада өткізілді. Онда табиғи және әлеуметтік экономикалық үрдістер мен құбылыстадың түзіліу заңдылықтарын ашуға,  картографиялық және математикалық сауаттылықтарын дамытуға мүмкіндік беретін деңгейлік тапсырмалар мен тәжірибелік есептер берілді.

Олимпиада қорытындысы бойынша I орынды 4 курс ГҚ 411 топ студенті Садық Жансая иеленді.

II орынды 2-3 курс студенттері Болатпаев Жәнібек (ГТҚ 211) пен Кудайберген Уміт (ГТҚ 311) алды.

III орын 3-4 курс студенттері Садыкова Назымға (ГТҚ 411), Кудайбергенова Амина мен Абдикаримова мен Назеркеге (ГТҚ 311), берілді.