2022 жылдың 23 қараша күні жаратылыстану жоғары мектебінде Педагогикалық информатика білім беру бағдарламалары бойынша оқитын білім алушылар арасында пәндік олимпиада өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты – талантты және дарында білім алушыларды анықтап, терең меңгеруге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін ашу, жас таланттарды іздеу, қолдау көрсету, білім алушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету. Пәндік олимпиаданың жүлдегерлері: І орын – 2 курс МИҚ 211 топ студенті Сейталы Нұрдәулет Өмірханұлы; ІІ орын – 2 курс МИҚ 211 топ студенті Мелихан Әділет Қайратұлы және 2 курс ИПҚ 211 топ студенті Забродин Сергей Иванович; ІІІ орын – 3 курс МИР 311 топ студенті Уалиева Сальсабиль Азаматовна, 2 курс МИҚ 211 топ студенті Куанышбаева Гаухар Батыргалиевна және 3 курс МИҚ 311 топ студенті Жанабаева Айганым Алтаевна.