«Салауатты өмір салты – жарқын болашақ кепілі»

2022 жылдың 7 желтоқсанында куратор Т.К.Укушева «Салауатты өмір салты – жарқын болашақ кепілі» атты «Химия-Биология» мамандығы білімгерлерімен іс-шара өткізді. Азаматтың дені сау болуы салауатты өмір сүруді қалыптастырумен тікелей байланысты, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру – денсаулық кепілі. Салауатты өмір салты – ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның денсаулығы – өмір тіршілігінің ең бірінші шарты болып табылады. Дені сау халық – бай халық, халқының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз. Жаны сұлу, тәні сау ұрпақ, саған аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтер! Есірткі, нашақорлық – азаматты жұтатын аждаһа екенін бір сәт естен шығармайық! Өміріміз – өз қолымызда. Бұл ретте оның денсаулығы мықты, рухы күшті болғаны абзал! Жаңа ғасыр азаматы – дені сау, рухани бай адам!