Педагогикалық іс-тәжірибе бастапқы конференциясы

2022 жылдың 8 желтоқсанында 3-курс «Физика-информатика», «Математика-информатика», «Информатика» БББ мамандығы ФИПҚ, МИҚ, ИПҚ топ білімгерлерімен 9 қаңтар – 11 ақпан аралығында болатын “Педагогикалық іс-тәжірибеден өту туралы” ұстаным конференциясы өткізілді.

Конференцияға БББ жетекшісі  Ж. Жиембаев,  іс- тәжірибеге жауапты әдіскер  Н.Ермекова, А.Алдабергенова, Г.Қастеева және білімгерлер қатысты. Сөз кезегі білімгерлерге беріліп, олар іс- тәжірибе туралы өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.