Мұқағали Мақатаевқа – 92

2023 жылдың 10 ақпанында жаратылыстану жоғары мектебінде ақын және жазушы Мұқағали Мақатаевтың туғанына 92 жыл толуына арналған іс-шара өтті. Іс-шараға МИҚ 111 тобы қатысты, іс – шараны оқытушы-дәріскер Ж. У. Ахметов өткізді.  Мақсаты: қазақ патриотизмін тәрбиелеу, студенттерге Мұқағали Мақатаевтың өз Отанының патриоты ретіндегі жеке басының маңыздылығын, оның ақынның көпжақты талантын, шығармаларының тереңдігін көрсету, студенттерді ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, сұлулыққа деген сүйіспеншілікті ояту, музыкалық шығармаларды тыңдауға үйрету, студенттердің танымдық қызметін жандандыру. Іс-шарада студенттер ақын мен жазушының өмірбаянын, өлеңдерін және шығармаларын талқылады.