Магистранттардың ғылыми тағылымдамасы

2023 жылғы 6-19 ақпан аралығында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «7М01502 – Математика және ғылыми-әдістемелік зерттеулер» білім беру бағдарламасының магистранттары жаратылыстану жоғары мектебінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Магистранттар тәжірибелі оқытушылардың сабақтарына қатысып, университет кітапханасының қорымен танысуға мүмкіндік алды. Ғылыми тағылымдамадан өту барысында магистранттар магистрлік диссертация тақырыбы аясында зерттеу жұмыстарын жүргізу тәжірибесімен бөлісті, профессор-оқытушылар құрамынан құнды ұсыныстар алды. Ғылыми тағылымдама қорытындысы бойынша магистранттар сертификат алды.