2023 жылғы 27 ақпанда Жаратылыстану жоғары мектебінің педагогикалық информатика бағыты бойынша білім беру бағдарламасының оқытушы-дәріскері Г.Д.Кастеева «Математика-информатика», «Информатика» мамандықтарының 2 курс білімгерлерімен «Алғыс айту-парызым» атты тәбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: білімгерлерге ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру; «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту; үлкен—кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту; әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.