Жиын

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті 2023 жылғы 28 ақпанда ағымдағы оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуды аяқтайтын бакалавриатта – 179, магистратурада – 62 және докторантурада – 19, барлығы: 260 түлегімен онлайн zoom платформасында жиын өткізді. Шараға мансап және жұмысқа орналастыру орталығы мен университеттің жоғары мектептері мен мамандары қатысты.

Кездесудің мақсаты бітіруші түлектерге міндетті жұмыс өтеміне байланысты толық мағлұмат беру. Сонымен қатар алдын-ала бөлу шарасын өткізе отырып, жұмысқа орналастыру міндетін сапалы жүзеге асыру.

Жиын барысында түлектерге алдын-ала бөлу процесі бойынша түсініктеме берілді. Заңнамаға сәйкес жұмысқа тұру және міндетті жұмыс өтеміне қатысты мәлімет айтылды. Қазіргі өңір мен ел көлеміндегі еңбек нарығының сұранысы мен мамандар қажеттілігі де талқыланды. Осыған байланысты түлектер жұмысқа орналасу мәселесіне қатысты туындаған сауалдарын қойып, жауап алды.

Жұмысқа орналастыру және міндетті еңбек өтеміне қатысты жиындарды қосымша өткізу жоспарланып отыр. Атқарылатын міндеттер аясында университет түлектері толық қамтылады.