«Алғыс айту-парызым»

2023 жылғы 27 ақпанда Жаратылыстану жоғары мектебінің педагогикалық информатика бағыты бойынша  білім беру бағдарламасының оқытушы-дәріскері Г.Д.Кастеева  «Математика-информатика», «Информатика» мамандықтарының 2 курс білімгерлерімен  «Алғыс айту-парызым» атты тәбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының  мақсаты: білімгерлерге ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру; «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту; үлкен—кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту; әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.