«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбындағы бірлескен кураторлық сағат

Жаратылыстану жоғары мектебінің, физика – математика бағыты бойынша БББ кураторлары К.Б.Ескендиров пен А.В.Шендель «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбында, ФПК211 және ХПК311 топтарында бірлескен бірыңғай кураторлық сағат өткізді.

Кураторлық сағаттың мақсаты: білім алушыларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды насихаттау және қалыптастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік билік органдарымен, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылға жәрдемдесу.