ЖАҚСЫЛЫҚ ЖҮРГЕН ЖЕРДЕ, ТАПШЫЛЫҚ БОЛМАЙДЫ.

Әлқиса қазақтың ақжүрек пейілін әңгімеге арқау етсеңіз неден бастар едіңіз. Жарлығы жалғыз атын сойып беретін әдетін айтасыз ба, жоқ жауын да сүйсінткен жомарттығын жазасыз ба? Әлде «әр қазақ менің жалғызым» деп баз біреуге жасаған жәрдемін жіпке тізесіз бе? Қалай десеңіз де, көңілі дария халықтың басы біріксе жақсылық жасауға бейіл келетіні бізге аян. Оған дәлел, дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің оқытушы-асситенті А.Жаңабай бастапқы әскери дайындық білім беру бағдарламасының 3 курс білімгерлері өз еріктерімен бастама көтеріп қаламыздың екі отбасына (жалғызбасты және көпбалалы аналарына) азын-аулақ көмектерін азық-түлікпен ұсынып қайтты.

Бейнеге сілтеме:

https://youtube.com/shorts/GagBkA1rBlI?feature=share