2023 жылдың сәуірдің 27 жұлдызында Жаратылыстану жоғары мектебінде «Биология» мамандығының 3 курс білімгерлері мен топ кураторы Укушева Т.К. Жас ұрпақты тарихи – мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға үйрету мақсатында «1 мамыр – Бірлік, Ынтымақ күні» атты тәрбие іс-шараны өткізді. Білімгерлерге Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет – ғұрпын сыйлау, сөйлеу қабілеттерін, шығармашылықтарын дамыту.
Тәрбие іс-шараның мақсаты: Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу, білімгерлер бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/04/1-м-2-1024x769.jpg)
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/04/1мм-3-1024x769.jpg)
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/04/1ммм-2-768x1024.jpg)