2023 жылдың 1 желтоқсанында жаратылыстану ғылыми бағыты бойынша БББ оқытушыларының ұйымдастыруымен география бойынша олимпиада өткізілді. Олимпиадаға «География» білім беру бағдарламасының 2-3 курс білімгерлері қатысты. Олимпиада екі турдан тұрды – теориялық және практикалық. Теориялық турда студентер географияның бөлімдері бойынша GoogleTest тапсырмаларын орындады. Практикалық турда картадан глобустан тапсырмалар берілді. Нәтижесінде: 1 орын – Уразбекова Арайлым Маратовна; 2 орын – Болатпаев Жәнібек Жаңабайұлы; 3 орын – Жолдасқан Әділет Ерболатұлы.
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/12/image-31.png)
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/12/image-32.png)
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/12/image-33.png)