Год: 2024

«Жаңа Қазақстанның болашағы — көшбасшы жастар» 1-орын🥇

12 Наурыз күні «Жаңа Қазақстанның болашағы — көшбасшы жастар» атты облыстық пікірсайыс турнирінің қазақ лигасы бойынша «Zhansugurov college»-нің Оспанбай Мейрамбек 307 ШБқ және Құрманжанова Гүлім 304Бқ тобының студенттерінен құралған «Тұлғалар» командасы 1-орынды иеленді. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы Макеева Камшат Маулетовна.Біз Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз!!!

Наурызнама онкүндігі аясында көрісу күні – амал мерекесі өткізілді

Жаратылыстану жоғары мектебінің, 6В01500-География БББ студенттері жаңа форматтағы «Наурызнама» онкүндігі бағдарламасының бірінші күніне сәйкес:14 наурыз – Көрісу күні – Амал мерекесі іс-шарасын өткізді. Дәстүр бойынша бұл күн туған-туыстарға, жасы үлкен кісілерге, құда-жекжатқа, көршілерге,  және т.б. сәлем беретін, көрісетін, қонақ күтетін күн.Халқымыздың күнделікті тұрмыс-тіршілігі сан түрлі салт-дәстүрлерге, отбасылық, тұрмыстық әдет-ғұрыптарға толы болған.  Осының бәрі  Ел бірлігіне негізделіп, рухани …

Наурызнама онкүндігі аясында көрісу күні – амал мерекесі өткізілді Read More »

«Экологиялық жарнама» тақырыбында  ашық сабақ

13.03.2024ж. Дене шынықтыру  және өнер  жоғары  мектебінің, дизайн факультетінің оқытушы-ассистенті М.Жұмабева   ДҚ211  топ білімгерлерімен жарнаманың арнайы түрлері пәні бойынша  «Экологиялық жарнама» тақырыбында  ашық сабақ  өткізді.

«ZHETYSU-STARTUP»

2024 жылдың 12 наурызында «ZHETYSU-STARTUP» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде университет студенттерінің үлкен жетістіктері атап өтілді. Педагогика және психология жоғары мектебі де инновациялық жобаларды жасауға өз шеберліктерін қосқан дарынды қатысушыларын бағалайды. Байқауға қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды: 1. Нұркелді Шұғыла, Бқ 411 (жетекшісі Аңсабаева Айнұр Дүйсенқызы); 2. Тоқтасынова Балжан, Серікбек Сандуғаш, БПҚ 121 (жетекшісі Қыстаубаева Ботагөз Қыстаубайқызы); …

«ZHETYSU-STARTUP» Read More »

«Шабыт» еріктілер тобы

Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің «Дизайн»,«Көркем еңбек, графика және жобалау» білім беру бағдарламаларының білімгерлерінен құрылған «Шабыт» еріктілер тобы қаламыздағы «облыстық мамандандырылған балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі кішкентай бүлдіршіндерімізбен түрлі конкурстар және ойындар ойнатып көңілдерін көтере отырып, естен кетпес кеш сыйлады. Кішкентай бүлдіршіндеріміз өз алғыстарын білдірді.

Құттықтаймыз!

12.03.2024 ж. күні «ZHETYSU-STARTUP» инновациялық идеялар мен жобалар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Аталған байқауға жаратылыстану жоғары мектебінің білім алушылары белсене қатысты. Байқау нәтижесі бойынша, ФҚ211 тобының білім алушылары Сағындықова Рузана Еркінқызы мен Нурберген Ельдананың ұсынған жобасы 3-орынды иеленсе (ғылыми жетекшісі: Қуатбаева Д.Е.), ФПҚ311 тобының білім алушысы Қалиақпар Дарын Қанатұлының жобасы «Үздік жасыл жоба» (ғылыми …

Құттықтаймыз! Read More »

«Бумеранг»еріктілер тобы

Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің «Бумеранг» еріктілер тобы Талдықорған қаласындағы «Жетісу облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған қаласының облыстық №1 «балабақша-мектеп-интернат» арнайы кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде балларды рухани қолдау үшін «Бақытты балалық шақ» атты спорттық-сауықтыру жарысы өткізілді. Мектеп оқушылары ерекше қызығушылық таныта отырып ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірді.

Карасева Айжан Ивановна — Құттықтаймыз💐

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай білім беру жүйесіндегі адал еңбегі мен кәсіби міндетін абыроймен атқарып, сапалы білім берудегі жетістіктері үшін “Zhansugurov college”оқытушысы Карасева Айжан Ивановна Басқарма Төрағасы — Ректор м.у.а. Б. Таубаевтың алғыс хатымен марапатталды.Құттықтаймыз💐

AI Assistant